Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми интернет-ресурсына кіретін пайдаланушылардың жеке деректерінің құпиялылық саясаты

Жалпы ереже

 

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (әрі қарай– Департамент) Департаменттің http://www.dchsao.kz ресми интернет-ресурсына кірушілердің құқықтарына құрметпен қарайды.

Осы «Құпиялылық саясаты» тек қана Департаменттің http://www.dchsao.kz интернет-ресурсына ғана және біздің интернет-ресурсымызда өзіңіз көрсеткен ақпаратқа ғана жүреді, басқа ешқандай интернет-ресурсқа жүрмейді және біздің интернет-ресурсқа сілтеме көрсетілген веб-сайттарға қолданылмайды.

 

Ақпаратты жинақтау

 

  Департаменттің интернет-ресурсы қызметтерін пайдалану үшін тіркелу кезінде Сіз атыңыз, электрондық поштаңыздың мекенжайы сияқты дербес деректерді көрсетесіз. Департаменттің интернет-ресурсына кірген кезде біз сіздің провайдеріңіздің доменін, елді және таңдалған бір беттен екінші бетке өтуді анықтамыз. Интернет-ресурста біз алған мәліметтер біздің интернет-ресурсымызды пайдалануды жақсарту және жеңілдету үшін пайдаланылуы мүмкін. Мысалы:

егер сіз RSS таратуды пайдаланғыңыз келсе, соған жазылу мүмкіндігін беру;

сайтты пайдаланушылар үшін неғұрлым ыңғайлы тәсілмен ұйымдастыру.

Тіркелу рәсімінен өтпей-ақ біздің интернет-ресурсымыздың мазмұнын қарауға болады. Интернет-ресурсымызда сіз интернет-ресурсқа кірген немесе тіркелген кезде ерікті түрде ұсынған ғана ақпарат жиналады.

 

Басқа сайттарға сілтеме

 

  Біздің интернет-ресурста басқа да пайдалы және қызықты ресурстар болуы мүмкін. Егер Сіз сол сілтемелерді пайдаланған болсаңыз, біздің сайттан шығу үшін, біздің басқа интернет-ресурсттарды бақыламайтындығымызды білуіңіз керек. Сондықтан осындай интернет-ресурстарды ашқан кезде Сіз ұсынған кез-келген ақпаратты қорғауға және құпиялы болуына жауапты болмаймыз, себебі бұл интернет-ресурстар осы құпиялық саясатпен реттелмейді.

 

Қауіпсіздік

 

  Рұқсатсыз кірудің немесе жария етудің алдын алу мақсатында интернет-ресурста біз жинайтын ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін біз тиісті физикалық, электрондық және басқару рәсімдерін енгіздік.

 

Біз сооkies-ті қалай зерттейміз

 

 Сооkies – бұл Сіздің компьютеріңіздің қатты дискісіне орналастыруға сұранатын шағын файл. Сіз келісім бергеннен кейін файл қосылады, сооkies интернет-трафикті талдауға және Сіздің белгілі-бір сайтқа қашан кіргеніңізді білуге мүмкіншілік береді.

Тұтастай алғанда, сооkies бізге Сіз үшін қандай парақтардың пайдалы, пайдасыз екенін бақылап отыруға мүмкіншілік береді. Сооkies сіздің бізбен бөліскіңіз келген деректерден басқа Сіздің компьютеріңізге немесе Сіз туралы ақпаратқа кіруге рұқсат бермейді.

    Сіз сооkies-ті қабылдауыңызға немесе қабылдамауыңызға болады. Веб-браузерлердің көбі сооkies-ті автоматты түрде қабылдайды, бірақ Сіз өзіңізге қолайлы етіп реттеуішіңізді өзгерте аласыз.

Біз сонымен қатар біздің интернет-ресурстың техникалық мүмкіншіліктерін бағалау және сайтқа кірушілердің санын есептеу үшін веб-серверді есепке алудың стандартты журналын пайдаланамыз. Біз бұл ақпаратты қанша адам сайтқа кіретінін анықтау үшін және пайдаланушылар үшін қолайлы етіп ұйымдастыруға, сондай-ақ интернет-ресурстың пайдаланылатын браузермен барынша ықтимал сәйкестігін қамтамасыз ету үшін және пайдаланушыға пайдалы ақпаратты ұсыну үшін қажет.

Біз жекелеген сайтқа кірушілер туралы емес, сайтымыздағы орын ауытырулар жөніндегі мәліметтерді ғана пайдаланамыз, сондықтан ешқандай жеке ақпарат сқталмайды және пайдаланылмайды. Сайт материалдарын cookies-ті пайдаланбай-ақ қарау үшін, браузеріңізді cookies-ті қабылдамайтындай етіп, не болмаса олардың жібергені туралы хабарлайтындай етіп баптауыңыз керек.